Зеренді ауданның білім бөлімі
Зерендинский районный отдел образования
Красный Кордон орта мектебі
с.Красный Кордон
Тақырыбы: «Астана- таза қала»
2 сынып
мұғалім: Кабдина А.Е.
Сабақ тақырыбы: |
Астана - таза қала. | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
2.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну. 2.1.3.1 тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация/ суреттер/ сызбалар таңдау және қарапайым сұрақтарға жауап беру. 2.3.5.1 мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу. | ||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді. Көбі: иллюстрация/ суреттер/ сызбалар таңдайды және қарапайым сұрақтарға жауап береді. Кейбірі: сөздік, анықтамалықтардан Астана жайлы қажетті ақпаратты табады. | ||
Күтілетін нәтиже |
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қазақша Елорда туралы ақпарат бере алады, Астананың көрікті жерлерін таныстыра алады. | ||
Жаңа сөздер |
Тазала, тазаламау, тазалық сақта, күнде. | ||
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Интерактивті тақта, слайдтар, «Астана» туралы деректі фильм, Астананың суреттері, плакат, маркерлер, буклеттер мен альбомдар, желімқағаздар (стикерлер). |
| |
Оқыту әдістері: |
Түсіндіру, сұрақ-жауап, сипаттау, талдау, «Ыстың алақан» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, «Тірек сөздер» стратегиясы, «Сен жалғастыр» ойыны, «Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы, сергіту жаттығуы. |
| |
Дереккөздері: |
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. |
| |
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті | |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Ыстың алақан» тренингін өткізеді. |
Оқушылар «Ыстың алақан» тренингінің негізінде сәлемдеседі, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді. | |
Өткен сабақты тексеру |
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. |
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. | |
1. Қызығушылықты ояту |
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тақтаға «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, «Елорда» сөзіне ассоциаграмма құрғызады. |
Ассоциаграмма құрады. | |
II. Мағынаны тану |
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. |
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді. | |
|
Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады. |
Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды. | |
|
2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалым мен оқылымға арналған мәтінді тыңдатады, сөздердің мағынасын түсіндіреді. |
Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды, жаңа сөздерді қайталайды. | |
|
3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1,3-тапсырманы орындатады. |
Айтылым. Артың сөзді табады, әңгіме құрастырады. | |
|
Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2- тапсырманы орындатады. |
Жазылым. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып жазады. | |
|
4. Сергіту сәті. «Сен жалғастыр» (5-тапсырма) ойынын ұйымдастырады. |
Ойынның шарттарын орындайды. | |
III. Ойтолғаныс |
«Тірек сөздер» стратегиясын пайдаланып, («Атамекен» саябағы, «Астана-Бәйтерек» ескерткіштері, Бейбітшілік сарайы, т.б.) «Астана» тақырыбында мәтін құрастыруды тапсырады. |
Тірек сөздердің негізінде сипаттау мәтінін құрастырады. | |
IV. Бекіту |
Оқушыларға түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады, постер дайындатады. |
Астана қаласы бойынша постер дайындайды. | |
V. Бағалау |
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды. |
«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды. | |
VI. Үйге тапсырма |
Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау. |
| |
VII. Рефлексия |
Мұғалім түрлі желімқағаздар (стикерлер) таратып береді. |
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға (стикерлерге) жазып, тақтаға іледі. | |