ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ
Нұр-Сұлтан, 2019
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында 2019-2020 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат – Нұр-Сұлтан: 2019.- 20 бет.
Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020 оқу жылында меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына, әдіскерлеріне, педагогтері мен мамандарына әдістемелік кӛмек кӛрсетуге арналған.
Аталған әдістемелік нұсқау хат «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылады (2019 жылғы 5 маусымдағы №4 хаттама).
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Елбасы Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Тӛртінші ӛнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының ӛсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауларындағы тапсырмаларын орындауда мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиелеу-білім беру процесінде ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттыру 2019-2020 оқу жылында негізігі міндеттер болып табылады.
Әдістемелік нұсқау хат мынадай бӛлімдерді қамтиды:
1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайларында білім беру процесі.
2. Мектепалды даярлық.
3. Қауіпсіз білім беру ортасы.
4. Инклюзивті білім беру.
5. Педагогтің кәсибі құзыреттілігі.
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайларында білім беру процесі.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туғаннан алты жасқа дейiн мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту отбасында, бір жастан бастап алты жасқа дейін - мектепке дейiнгi ұйымдарда, бес жастан алты жасқа дейін-жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды даярлық сыныптарында жүзеге асырылады (30-бап).
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда:
барлық жас топтары үшін оқу жылы -1 қыркүйектен 30 мамырға дейін (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны іске асырылады);
-мектепалды даярлық сыныптары үшін оқу жылы-1 қыркүйектен 25 мамырға дейін (5-6 жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны іске асырылады);
мектеп жасына жеткен балалаларды мектепке дейінгі ұйымнан шығару -1 тамызға дейін;
-1 маусымнан 31 тамызға дейін – жазғы сауықтыру кезеңі (ұйымдастырылған оқу қызметін (бұдан әрі-ҰОҚ), сауықтыру шараларын ауа-райы жағдайларына байланысты таза ауада ӛткізу ұсынылады).
- балаларды бір жас тобынан басқасына ауыстыру - 1 тамыздан 31 тамызға дейін.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкес іске асырылады (ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы).
Тәрбиелеу-білім беру процесінің негізгі міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйымда балалардың табысты бейімделуі мен дамуы үшін жағдай жасау;
Бұл міндет мектеп жасына дейінгі балаларды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіру, мәдени-гигиеналық дағдыларға баулу, күн тәртібін, ҰОҚ-ін сақтауға тарту, ӛзін-ӛзі үйрету дағдыларын қалыптастыру және оларды күнделікті ӛмірде қолдану арқылы іске асырылады.
-балаларды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу («Рухани жаңғыру» Бағдарламасы);
Заманауи жалпыадамзаттық, ұлттық және этномәдени құндылықтар негізінде Қазақстан халқының рухани-адамгершілік мұрасына баулу; балаларды құрдастарымен қайырымды, мейірімді қарым-қатынасқа тәрбиелеу; игі істер жасауға ынталандыру арқылы іске асырылады.
Оқу жылының басында мектепке дейінгі ұйымдарда жас топтары жасақталады:
1) бӛбек жасы – туғаннан бастап 3 жасқа дейін:
нәрестелік жас - туғаннан бастап 1 жасқа дейін;
ерте жас – 1 жастан 2 жақа дейін (ерте жас тобы);
кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін(кіші топ);
2) мектепке дейінгі жас – 3-6 жас:
мектепке дейінгі орта жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (ортаңғы топ);
мектепке дейінгі ересек жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (мектепке дейінгі ұйымдардағы ересек топ), 5 жастан 6 жасқа дейін мектепалды даярлық (тобы (мектепке дейінгі ұйымда), сыныбы(орта білім беру ұйымында).
Үлгілік бағдарлама мазмұнын іске асыру балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларын кіріктіру негізінде жүзеге асырылады.
Жас топтарында апталық оқу жүктемесінің (инвариатты бӛлімі) кӛлемі:
- ерте жас тобы балалары үшін (1-2 жас) –7 сағат;
- кіші топ балалары үшін (2-3) –9 сағат;
- ортаңғы топ балалары үшін (3-4) –11 сағат;
- ересек топ балалары үшін (4-5 жас) –12 сағат;
- мектепалды даярлық топтары мен сыныптары балалары үшін- (5-6 жас) –17 сағатты құрайды.
Жас топтарында ҰОҚ-нің ұзақтығы:
- ерте жас тобы – 7-15 минут;
- кіші топ – 7-15 минут;
- ортаңғы топ – 7-15 минут;
- ересек топ – 15-20 – минут;
- мектепалды даярлық тобы/сыныбы – 25-30 минутты құрайды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы) ортаңғы топтан бастап (3-4 жастағы
балалалар) вариативтік компонент енгізіледі. Вариативтік компонентті анықтауда балалардың жас және жеке ерекшеліктері, қызығушылықтары және мектепке дейінгі ұйым қызметінің бағыты ескеріледі.
Вариативтік бӛлімге мектепке дейінгі ұйымның мүмкіндіктерін ескере отырып (кабинеттердің болуы, штаттық кестеге сәйкес болуы), ағылшын тілін, логиканы, балалардың қызығушылықтары бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтері және т.б. енгізу ұсынылады.
Оқыту мен тәрбиелеу орыс тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы кӛлемі:
- ортаңғы топ балалары үшін –0,5 сағат;
- ересек топ балалары үшін –1,5 сағат;
- мектепалды даярлық балалары үшін –2 сағатты құрайды.
Оқыту мен тәрбиелеу қазақ тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы кӛлемі:
- ортаңғы топ балалары үшін –1 сағат;
- ересек топ балалары үшін –2 сағат;
- мектепалды даярлық балалары үшін – 3 сағатты құрайды.
Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесін жоспарлау.
Білім беру процесі:
- перспективалық жоспарға сәйкес іске асырылады;
Педагогтер перспективалық жоспарды ӛтпелі тақырыптар негізінде оқу жылына құрады. Педагог ӛңірлік ерекшеліктерге, балалардың жастарына және мектепке дейінгі ұйымның тақырыптық бағытына бағдар жасай отырып, ӛтпелі тақырыптарды ӛзі құрады. Қазақ, орыс, шет тілі мұғалімдері, дене шынықтыру нұсқаушысы және басқа педагогтер перспективалық жоспарды ӛтпелі тақырыптарға сәйкес құрады. Перспективалық жоспар №1педагогикалық кеңесте бекітіледі.
Циклограмма перспективалық жоспарға сәйкес бір аптаға құрылады.
Перспективалық жоспар мен циклограмманы құруда 2018-2019 оқу жылындағы Әдістемелік нұсқау хатты басшылыққа алу ұсынылады.
-балалардың түрлі жас кезеңдерінде даму деңгейін анықтау үшін мониторинг жүргізіледі;
Оқу жылы бойы педагог үнемі бақылау арқылы баланың дамуын қадағалайды. Мониторингті жүргізуде Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының www.rc-dd.kz. порталына орналастырылған. «Мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің әдістемелік ұсынымдарын» басшылыққа алу ұсынылады.
Жеке оқу жоспары – ақыл-ой кемістігі бар балаларға (ақыл-есі кемістігінің жеңіл және баяу дәрежесі) Үлгілік оқу жоспары негізінде баланың жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиешімен және/немесе психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі мамандарымен жасалады.
Мектепке дейінгі ұйымды басқару тәсілдерінің ӛзгеруіне байланысты Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымы қызметінің жылдық жоспарының жаңа формасы ұсынылады. Ұсынылатын форма қысқаша,
сызба түрінде және білім беру процесінің әрбір қатысушысы үшін қол жетімді (1 қосымша).
Жылдық жоспар мынадай бӛлімдерді қамтиды:
- салауатты ӛмір салтын ұйымдастыру;
- кадрлармен жұмыс;
- білім беру процесін ұйымдастыру;
- әлеуметпен жұмыс;
- бақылау және басшылық.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерін іске асыру
Балаларды жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу міндеттерін іске асыру «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының арнайы жобаларын ескере отырып, жалғастырылатын болады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда 13 арнайы жобалардан балалардың жас ерекшеліктерін және бағдарламалық талаптарды ескере отырып, мына бағыттар бойынша жобалау әрекетін ұйымдастыру ұсынылады: «Туған жер», «Ұлы даланың ұлы есімдері», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы».
Мектеп жасына дейінгі балаларды ерте дамыту
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (ҚР БҒМ 2018 ж. 31.10. №604 бұйрығы ) жас кезеңдеріне туғаннан бастап және 1 жасқа дейінгі жас енгізілген.
«Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларына ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту мазмұны енгізілген, ол білім беру салаларын кіріктіру және балалар әрекетінің түрлері арқылы (ойын, қимыл-қозғалыс, шығармашылық, танымдық және басқалары) іске асырылады.
«Әлеумет» білім беру саласында ерте жастағы балалардың дербестігін тәрбиелеу, әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-коммуникативтік біліктер мен дағдыларды дамыту, оларды әлеуметтік-мәдени нормаларға, отбасы, қоғам мен мемлекеттің дәстүрлеріне баулу бойынша әлеуметтендірудің негізгі міндеттері жинақталған.
«Ерте жастағы балаларда әлеуметтік дағдылар мен ӛзбетінше үйрену дағдыларын дамытатын бағдарлама» (ҚР БҒМ 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 668 бұйрығы) бекітілді, ол мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиелеу-білім беру процесіне 1 қыркүйектен бастап енгізіледі.
Бағдарламаның мазмұны балалардың ӛзара әрекеті, бейімделуі, баланың тұлға ретінде қалыптасуы, қоршаған ортаға (отбасына, әлеуметке, табиғатқа) ізгілікті қарым-қатынасы, қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарлама Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына қосымша бағдарлама ретінде әзірленді.
2.Мектепалды даярлық
5 жастағы балаларды мектепалды даярлау міндетті және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң
және гимназиялардың мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы 30-бап).
Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:
- балалардың оқу қызметінің ұйымдастырылған мінез-құлқының дағдыларын қалыптастыру (танымдық белсенділік, шығармашылық);
- мектепке қолайлы бейімделуге қажетті болашақ бірінші сынып оқушысының жеке қасиеттерін қалыптастыру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталық);
- ұжымдық қызметтегі бірлескен іс-әрекет дағдыларын тәрбиелеу (құрдастарына кӛмек кӛрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.);
- балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымнан мектепке кӛшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету;
- баланың мектепке деген эмоциялық-жағымды қарым-қатынасын, оқуға деген ынтасын дамыту.
Мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында демалыс уақыты қарастырылмаған.
Мектептердің мектепалды даярлық сыныптары үшін демалыс уақыты келесі мерзімде анықталады:
- күзгі каникул – 28 қазан – 3 қарашаны қоса алғанда (7 күн);
- қысқы – 30 желтоқсан – 8 қаңтарды қоса алғанда (10 күн);
- 3 – 9 ақпанды қоса алғанда (7 күн);
- кӛктемгі – 21 наурыз – 2 сәуірді қоса алғанда (13 күн).
Мектеп жанында жазғы кезеңде мектеп жасына жеткен, бірақ балабақшаға бармаған, сондай-ақ мектепке барғысы келетін балалар үшін «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді мектепалды дайындық курстарын (1-2 ай) ұйымдастыру ұсынылады.
Министрлік «Жазғы кезеңде мектептер жанындағы «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық курстарын жүргізудің әдістемелік басшылығын» әзірледі. Курс бағдарламасы балалардың негізгі оқу қызметінің жеңілдетілген мазмұнымен құрылған. Оқыту ойын түрінде жүргізіледі.
Қысқа мерзімді курстарды ұйымдастырудың негізгі мақсаты – бастауыш мектепте оқуға балалардың интеллектуалдық, мотивациялық, эмоционалды-еріктік дайындығына ықпал ететін және мектеп жағдайына табысты бейімделуді қамтамасыз ететін білім беру ортасын құру.
Баланың мектепке дайындығының критерийлері:
- жеке-тұлғалық дайындығы – оқуға ынтасы (мектепке барғысы келеді; мектептегі оқытудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді, білім алуға қызығушылық танытады);
- зияткерлік дайындығы – ойлау операцияларының дағдыларын меңгеру (талдау, синтез, салыстыру, жалпылау);
- әлеуметтік-психологиялық дайындығы – жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімделе білу, ересектермен және құрдастарымен ӛзара қарым-қатынас жасай білу.
Курс аяқталғаннан кейін балада:
- қоршаған орта туралы қарапайым білім (әлеумет, табиғат);
- коммуникативтік дағдылар (сӛздік қоры артады, сӛйлеу тілі дамиды, әңгімелесушіні тыңдай алады, сұрақтар қояды және сұрақтарға қарапайым сӛйлемдермен жауап береді);
- дыбыстар туралы бастапқы білім және сӛздерді дыбыстық талдау дағдылары;
- қарапайым математикалық кӛріністер (есеп, геометриялық фигуралар, кеңістіктікті бағдарлау, уақыт т. б.);
- бейнелеу әрекетінің дағдылары (сурет салу, мүсіндеу, жапсыру) қалыптасады.
3. Қауіпсіз білім беру ортасы
Баланың ӛмірі мен денсаулығын қорғау – мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеті.
Балалардың ӛмірі мен денсаулығына жауапкершілік мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен педагогтеріне жүктелген.
Қауіпсіз орта құру – әр түрлі қауіп-қатерлер мен тӛтенше жағдайлардың алдын алу және болдырмау үшін мектепке дейінгі ұйымға қойылатын міндетті талап (ӛрт қауіпсіздігі, жарақаттанудың, жазатайым оқиғалардың, жұқпалы аурулардың, уланудың, криминалдық жағдайлардың, балаларға қатал қараудың алдын алу және т. б.).
Қауіпсіз білім беру ортасын құрудың негізгі міндеттері:
-мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту;
- мектепке дейінгі ұйымдарды ӛртке қарсы және күзет жабдықтарымен, бейнебақылау камераларымен жарақтандыру;
- ӛрт қауіпсіздігі ережелерін және қауіпсіздік техникасы ережелерін орындау;
- санитариялық ережелер талаптарын сақтау;
- мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздері бойынша құзыреттілік деңгейін арттыру (нұсқаулар, тренингтер, стендтік ақпараттар, әңгімелер және т. б.);
- мектепке дейінгі ұйымда қауіпсіз білім беру ортасын құруға ата-аналарды тарту;
- балаларды балабақшада, үйде, кӛшеде қауіпсіз жүріс-тұрыс негіздеріне оқыту үшін заттық-дамыту ортасын құру (жол қозғалысы ережелері, балалар әдебиеті, демонстрациялық материал және т.б.).
Қамқоршылық кеңестерді ұйымдастыру.
Мектепке дейінгі ұйымдарда Қамқоршылық кеңестердің қызметі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 123 бұйрығы негізінде іске асырылады.
Қамқоршылық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсан сайын кемінде бір рет ӛткізіледі.
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және ӛзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен ӛзара бірге әрекет етеді.
4. Инклюзивті білім беру
Инклюзивті білім беру - ерекше білім алу қажеттіліктері мен түрлі жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық тәрбиеленушілер үшін білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды түзету арқылы қолдау инклюзивті және арнайы білім беру аясында медициналық, педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік кӛмек кӛрсету арқылы жүзеге асырылады.
Инклюзивті білім берудің негізгі міндеттері:
- ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды түзеу арқылы қолдау үшін жағдай жасау;
Ерекше білім берілу қажеттілігі бар балалардың орын алған бұзушылықтарын түзетуге, оны жалпы білім беру процесіне және әлеуметтік бейімдеуге құқығын қамтамасыз ету арқылы іске асырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларында жалпы дамытатын мектепке дейінгі ұйымдардың жас топтарына ерекше білім берілу қажеттіліктері бар балаларды енгізу нормасы қарастырылған. Бір топқа осы санаттағы үш баладан кӛп емес балалар енгізілуі мүмкін, бұл ретте балалардың жалпы саны ерекше білім берілу қажеттіліктері бар бір балаға үш тәрбиеленушіден кемітіледі.
- ерекше білім берілу қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету.
- Арнайы түзету оқу қызметі, шағын топпен, балалармен және ата-аналармен арнайы топтар мен инклюзивті оқытатын топтарда жеке және консультативтік жұмыс арқылы іске асырылады.
Ерекше білім берілу қажеттіліктері бар балаларға олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед, дефектолог, педагог - психолог арнайы түзету сабақтарын ӛткізеді.
Инклюзивті білім беру топтарын ашу кезінде келесі жағдайлар ескерілуі тиіс:
олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед, дефектолог педагог – психолог, тьютор мамандарының болуы;
ерекше білім берілу қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін арнайы жағдайлардың болуы, оның ішінде кедергісіз орта құру;
білім беру процесіне қатысушылардың ерекше білім берілу қажеттіліктері бар балаларға толерантты қатынасын қалыптастыру бойынша алдын ала жұмыс жүргізу.
рекше білім берілу қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру:
- түзету жұмысының мақсаттарын, міндеттері мен бағыттарын анықтауға бағытталған ерекше білім берілу қажеттіліктері бар балаға кешенді психологиялық-педагогикалық зерттеуді жүргізу;
- инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім берілу қажеттілігі бар балалардың жеке білім траекториясын жобалау және жүзеге асыру;
- ерекше білім берілу қажеттіліктері бар балалардың білім алуы мен әлеуметтенуін қамтамасыз ететін біріңғай түзету психологиялық-педагогикалық кеңістігін құру аясында басқа мамандармен ӛзара бірлесіп әрекет ету;
- ата-аналарды түзету-педагогикалық міндеттерді бірлесіп шешуге тарту арқылы жүзеге асады.
5. Педагогтің кәсіби құзыреттілігі.
Кәсіби құзыреттілік – бұл еңбектің нәтижелілігі мен тиімділігін анықтайтын білім мен біліктің жиынтығы, бұл педагогтің жеке және кәсіби сапаларының оңтайлы үйлесімі.
Кәсіби құзыреттілікті дамытудың негізгі міндеті – шығармашылық даралылық, педагогикалық инновацияларды қабылдауы, ӛзгермелі педагогикалық ортаға бейімделе білу қабілеті.
Кәсіби құзыреттілік:
- біліктілікті арттыру жүйесі;
- педагогикалық қызметкерлерді атқаратын лауазымына және біліктілік санатына сәйкес аттестаттаудан ӛткізу;
- педагогтардың ӛздігінен білім алуы;
- әдістемелік бірлестіктер, педагогикалық кеңестер, конференциялар, шеберлік сыныптары жұмысына белсенді қатысу:
- заманауи білім беру, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды, педагогикалық құралдарды меңгеру және оларды үнемі жетілдіру;
- түрлі жобаларға, зерттеу жұмыстарына қатысу;
- озық тәжірибені зерделеу, ӛз педагогикалық тәжірибесін жариялау;
- тәлімгерлік арқылы жүзеге асырылады.
Педагогикалық қызметкердің кемінде бес жылда бір рет ұзақтығы тӛрт айдан аспайтын, біліктілігін арттыру курстарынан ӛтуге құқығы бар. (ҚР «Білім туралы» Заңының 51-бабы).
Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәлімгерлік
Тәлімгерлік практикалық және әдістемелік кӛмек кӛрсету үшін енгізіледі:
- педагогикалық қызмет ӛтілі жоқ жас мамандарға;
- педагогикалық қызметте 3 жылдан аспайтын еңбек ӛтілі бар;
- әдістемелік кӛмекке мұқтаж тәрбиешілерге.
Тәлімгерлердің кандидатуралары сараптама тобының отырыстарында қаралады, мектепке дейінгі ұйым басшысымен келісіледі және педагогикалық кеңесте бекітіледі.
Тәлімгер ретінде келесідей критерийлерге ие мамандарды тағайындайды:
- кәсіби дайындығы жоғары деңгейдегі;
- дамыған коммуникативтік дағдылары мен қарым-қатынасқа икемділігі;
- әдістемелік жұмыс тәжірибесі;
- жұмыстағы тұрақты нәтижелері;
- педагогикалық қызмет ӛтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Тәлімгерлердің қызметіне басшылықты мектепке дейінгі ұйым басшысы мен әдіскер жүзеге асырады.
Тәлімгерлердің жұмысын ынталандыру үшін педагогикалық кеңес әзірлеген және бекіткен Ережеге сәйкес моральдық кӛтермелеу шараларын басшылық қарастыруы қажет.
Педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау
Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері педагогикалық әдептің жалпы қағидаттары мен нормаларын басшылыққа алуға міндетті.
Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары:
- адалдық;
- әділдік;
- ӛзінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу;
- жалпы адами құндылықтарды құрметтеу;
- кәсіби ынтымақтастық;
- үздіксіз кәсіби даму және т.б. .
Педагог қызметкерлер ӛз қызметінде заңсыз әрекеттерге жол бермеуге, лауазымдық міндеттерін адал және сапалы атқаруға тиіс. Педагог құқық қорғау органдарына ӛмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды анықтау фактілері туралы дереу хабарлауға міндетті.
Педагог тәрбиеленушілердің ата-аналарына немесе заңды ӛкілдеріне оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес береді, оларға оқыту мен тәрбиелеудегі ортақ жауапкершілік қағидаларын түсіндіреді.
Мектепке дейінгі ұйымдар жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландырылады. Барлық шығындар бюджетте қарастырылған. Ата-аналар есебінен оқу-әдістемелік құралдарды сатып алуға, жӛндеуге, туған күндерге, қосымша тӛлеммен аниматорларды тарту есебінен мерекелерге ақшалай қаражат жинауға тыйым салынған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады, оны бала кезінен қалыптастыру қажет. Ерте жастан бастап Отанға деген сүйіспеншілікті, айналасындағыларға және дәстүрлерге деген құрметті, білім мен еңбекке деген ұмтылысты, адалдық пен адалдықты дарыту керек. Балаларға академиялық адалдық, оқудағы адалдық және ӛзінің мінез-құлқына жеке жауапкершілік принциптерін дарыту қажет. Мектепке дейінгі ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру элементтерін оқу бағдарламаларына, сондай-ақ тәрбиелік іс-шараларға енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі білім беру саласын әдіснамалық қамтамасыз ету
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтеріне кешенді әдістемелік қолдауды «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының порталы – www.rc-dd.kz. қамтамасыз етеді.
«НҚА» айдарында нормативтік-құқықтық актілер (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Үлгілік оқу бағдарламасы, Үлгілік оқу жоспары, Әдістемелік-нұсқау хат және басқалары) орналастырылған.
Орталық 2019 жылы әзірледі және сайтқа орналастырды:
1. Мектепке дейінгі ересек жаста құрастыру дағдыларын қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.
2. «Ерте жастағы балаларға арналған заттық-дамытушы орта» стандарты.
3. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған аудио-ертегілер жинағы «Кәусар бұлақ».
4. Ерте жастағы балаларды сенсомоторлық дамыту бағдарламасы.
5. Балаларды ерте жастан дамыту үшін психологиялық-педагогикалық жағдай құру бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің және ата-аналардың ынтымақтастығы бағдарламасы.
6.Ерте жастағы балалардың әлеуметтік дағдылары мен ӛзін-ӛзі үйрету дағдыларын қалыптастыру деңгейін анықтау бойынша педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар.
Әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, ВКонтакте, WhatsApp) мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің чаты ашылды, онда Орталық мамандары мектепке дейінгі білім беру бойынша ӛзекті ақпаратты орналастырады.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қызметін реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілер ҚР «Әділет» НҚА АҚЖ орналастырылған.
Нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі:
1. Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының ӛсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауы.
2. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Тӛртінші ӛнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауы.
3. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы.
4. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңы.
5. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңы.
6. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 306 Заңы.
7. «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы.
8. жоба «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына ӛзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
9. «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы
10. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы).
11. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру жӛніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы, ҚР БҒМ 2017 жылғы 14 шілдедегі № 337 бұйрығы.
12. «Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан ӛткізу ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 10 маусымдағы № 337 бұйрығы.
13. «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан ӛткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан ӛткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына ӛзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 17 қазандағы № 530 бұйрығы.
14. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы.
15. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы.
16. «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы
17. «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы.
18. Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығы).
2 Қосымша Мектепке дейінгі ұйымның жылдық жоспары құрылымының үлгісі |
||||||||||||||||||||||||||||||
Бӛлімдер |
Айлар |
Ескертулер |
||||||||||||||||||||||||||||
08 |
09 |
10 |
11 |
12 |
01 |
02 |
03 |
04 |
05 |
|
||||||||||||||||||||
Салауатты ӛмір салтын ұйымдастыру: -«Дене шынықтыру» ҰОҚ (ДШ) -режимдік сәттер (РС) -денсаулық күндері (ДК) -дене шынықтыру сауық-кештері (ДШС) -дене шынықтыру мерекелері (ДШМ) -рационалды теңдестірілген тамақтануды ұйымдастыру (РТТ) -медициналық-педагогикалық бақылау (МПБ) |
ДШМ |
ДК РСП |
РС МПБ |
ДШС |
РТТ |
ДК ДШМ |
РС |
ДШС РТТ |
ДК ДШМ МПБ |
РС РТТ |
«Дене шынықтыру» ҰОҚ Үлгілік оқу жоспарына сәйкес; ДК – тоқсан сайын; ДШМ– ересек және мектепалды топтарында жылына 2 рет; ДШС– барлық жас топтарында айына 1 рет; МПБ жылына 2 рет ӛткізіледі. |
|||||||||||||||||||
Кадрлармен жұмыс: -педагогтерді аттестаттаудан ӛткізу (ПА); -біліктілікті арттыру (БА) -кластерлерде жұмыс (КЖ) (әдістемелік бірлестіктер (ӘБ)) -жас мамандармен жұмыс (ЖМЖ); |
ПА ЖМЖ |
ҰОҚ |
ПА ЖМЖ |
ҰОҚ |
ЖМЖ |
ҰОҚ |
ПА ЖМЖ |
ҰОҚ |
ПА ЖМЖ |
БА– МДҰ-ның біліктілікті арттыру индикативті жоспарына сәйкес ӛткізіледі. Ұсынылатын жұмыс түрлері: конференциялар, семинарлар, коучингтер, шеберлік сыныптары, кӛрмелер және т.б. Егер МДҰ-да эксперимент аясында жұмыс жүргізілсе - семинарлар тақырыптары эксперимент бағытына сәйкес жоспарланады. |
|
|||||||||||||||||||
Білім беру процесін ұйымдастыру: -ҰОҚ: -білім беру процесінің ашық кӛрсетілімдері (АК), ҰОҚ-нің қорытынды кӛрсетілімдері (ҚК ) -педагогикалық кеңестер (ПК) -әдістемелік кеңестер (ӘК) |
ПК №1 |
ӘК№1 |
АК |
ПК №2 |
АК |
ПК №3 |
АК ӘК №2 |
ПК №4 |
АК ӘК №3 |
ҚК ПК №5 |
Білім беру процесінің ашық кӛрсетілімдері: ҰОҚ, ойын әрекеті, режимдік сәттер, ертеңгіліктер, сауық-кештер және т.б. Педагогикалық және әдістемелік кеңестердің тақырыптары МДҰ-ның жұмыс бағытына және жылдық жоспардың міндеттеріне сәйкес болуы тиіс |
|||||||||||||||||||
Әлеуметпен жұмыс: 1.ата-аналармен ӛзара ықпалдастық (АЫ): -ата-аналарға арналған консультациялық пункттер (АКП); -бірлескен іс-шаралар (БШ); 2.мектеппен сабақтастық (МС) 3. басқа әлеуметтік институттармен, қорлармен, ҮЕҰ-мен серіктестік |
АӚӘ АКП |
БШ |
МС |
АӚӘ |
АКП |
МС |
БШ |
МС |
АӚӘ АКП БШ |
Ата-аналармен жеке жұмыс циклограммада жоспарланады. Әлеуметтік серіктестік - МДҰ қызметінің бағытына байланысты жоспарланады. Бірлескен іс-шаралар: акциялар, экскурсиялар, саяхаттар, кӛрсетілімдер, тақырыптық кештер және т.б. |
|
|||||||||||||||||||
Бақылау және басшылық: -фронталды бақылау (ФБ) -салыстырмалы бақылау (СБ) -тақырыптық бақылау (ТБ) -жедел бақылау (ЖБ) -мониторинг (М) -ӛндірістік жиналыстар (ӚЖ); -әкімшілік жиналыстар (ӘЖ); |
№1 ПК -ТБ |
№1ӘК - ТБ М ӘЖ |
№2 ПК-ФБ ӚЖ |
ӘЖ |
№3 ПК-СБ |
№2ӘК -ТБ М ӚЖ |
№4ПК-ТБ ӘЖ |
№3 ӘК-ТБ |
№5 ПК-ФБ М ӚЖ |
ӘЖ |
Бақылау қарастырылатын әрекет түрлеріне байланысты жоспарланады. |
|||||||||||||||||||