01.04.2021-ғы № 4295/1.4-16/5758 шығыс хаты 01.04.2021-ғы № 2817 кіріс хаты |
Аутистік спектрдің аурулары және басқа да ментальді және мінез-құлық бұзылыстары бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға кешенді көмек көрсету мәселелері жөніндегі кеңес ХАТТАМАСЫ
Нұр-Сұлтан қаласы |
2021 ж.16 наурыз |
ZOOM платформасында |
16.00 сағат |
Төрағалық етті: |
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. М. Әукенов
|
Қатысқандар: |
(тізім бойынша) |
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктерімен бірлесіп «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК базасында Жобалық кеңсенің және Ұлттық ресурстық орталықтың ашылуын қамтамасыз етсін (мерзімі – 2021 жылғы 1 тоқсан).
II. Мүгедектіктің алдын алу мақсатында диагностика және ерте араласу жүйесін (3 жасқа дейін) ұйымдастыру жөніндегі шаралар
ҚР денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылды:
1) Алматы қаласындағы Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығын қайта бағдарлауды (ребрендинг) жүргізу (ЖСҚ әзірлеу, ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізу, материалдық-техникалық жарақтандыруды жаңарту, палаталарды қайта жабдықтау (жайлы палаталар құру), Қызмет көрсету сапасын арттыру (клиентке бағдарланған сервис) және басқалар) (мерзімі – 2023 жылғы 30 қараша);
Облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп:
2) медициналық-әлеуметтік оңалту/ абилитация бөлімшесін аша отырып, барлық өңірлерде психикалық денсаулық орталықтарын (ПДО) қайта бағдарлауды (ребрендинг) жүргізу (ЖСҚ әзірлеу, ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізу, материалдық-техникалық жарақтандыруды жаңарту, палаталарды қайта жабдықтау (жайлы палаталар құру), Қызмет көрсету сапасын арттыру (клиентке бағдарланған сервис) және басқалар) (мерзімі – 2021-2023 жылдар);
3) неонатологтар мен жалпы практика дәрігерлерінің, әсіресе психофизикалық дамуының бұзылу белгілерін ерте анықтау дағдылары бойынша біліктілігін арттырудың жұмыс жоспарын дайындау (мерзімі –2021 жылғы 1 ақпанға дейін);
4) жұмыс жоспарына сәйкес неонатологтар мен жалпы практика дәрігерлерінің, әсіресе психофизикалық дамудың бұзылу белгілерін ерте анықтау дағдылары бойынша елде жыл сайын 1000-ға жуық маманды (оның ішінде вебинарлар арқылы) қамти отырып, біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету (мерзімі – жыл сайын 2023 жылғы 30 қарашаға дейін);
5) әрбір АМСК ұйымы мен ПАТРОНАЖ ҚЫЗМЕТТЕРІНДЕГІ баланы дамыту кабинеттерімен тиісті үй-жайлармен, жабдықтармен және штатпен қамтамасыз ету (1 учаскеге 1 патронаж мейірбике) (мерзімі – 2023 жылғы 30 қараша);
6) баланы дамыту кабинеттерінің мамандарын және патронаждық мейіргерлерді үйде, 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларда патронаждық келудің әмбебап прогрессивті моделінің кейіннен супервизиямен оқыту (мерзімі – 2023 жылғы 30 қараша);
7) «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» АҚ – мен бірлесіп, жас шектеулерінсіз «АУТИЗМ» диагнозын қою көзделген клиникалық хаттаманы қабылдауды жеделдетсін (мерзімі – 2021 жылғы 25 наурыз).
ІІІ. Желісін кеңейту жөніндегі шаралар
Денсаулық сақтау саласындағы орталықтардың
ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, «UniversityMedicalCenter» КҚ балаларды оңалту ұлттық орталығының теңгеріміне бере отырып, Ақтөбе, ШҚО, СҚО және Шымкент қаласында Қосымша өңірлік орталықтар ашуды (ғимаратпен және қажетті жабдықпен қамтамасыз ету) қамтамасыз ету ұсынылды (мерзімі – 2022 жылғы 30 қараша, қаржыландыру – ЖБ, РБ (жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде).
ІV. Оңалту қызметтерін көрсету сапасын
арттыру және әлеуметтік қорғау саласындағы
Оңалту орталықтары желісін кеңейту жөніндегі шаралар
1) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ҚР Қаржы министрлігімен (ММЖК, ММЖК) және облыстардың, Нұр-сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, жеке сектор мен ҮЕҰ – ны (жекешелендіру құқығынсыз) тарту және олар көрсететін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік емес ұйымдарға мемлекеттік мүлік қорынан бар үй-жайларды (жұмыс істемейтін балабақшалар және т. б.) пайдалануды жеңілдікті шарттармен беру бөлігінде заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарау ұсынылды (мерзімі – 2022 жылғы 30 қараша);
облыстардың, Нұр-сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларының әкімдіктеріне ұсынылды:
2) сервистік келісімшарттарға ұқсас барлық ҮЕҰ-мен кемінде 3 жыл ұзақ мерзімді кезеңге және МЖӘ шеңберінде жеке ұйымдармен 10 жылға дейін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шартын жасасу, бұл жеке ұйымдарға бюджетті жоспарлауға, кредиттер алуға және жабдық сатып алуға мүмкіндік береді (орындау – 2021-2022 жылдар);
3) балалар МӘМ (РО) жанынан РАС бар балаларға (5-10 бала) арналған АВА-терапия кабинеттерін ашуды қамтамасыз ету (кемінде 70 шаршы метр кабинет бөлу, материалдық-техникалық жарақтандыру (смета қоса беріледі), штатпен қамтамасыз ету (педагогикалық білімі бар 5-7 маман тарту) (мерзімі-2021 жылғы 1 шілде);
4) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (ЕӘҚжКК, ӘҚСДД, Әлеуметтік жұмыс жөніндегі ресурстық орталық) ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен және қоғам өкілдерімен (келісім бойынша) арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық балалар мекемелерінің қызметіне мониторинг жүргізу ұсынылды. Мониторинг қорытындысы бойынша балалармен жұмыс істейтін мамандарды оқыту (мерзімі – 2021 жыл).
V. Арнайы білім беру ұйымдарының
желісін кеңейту жөніндегі шаралар
1) ҚР Білім және ғылым министрлігі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп заңнамаға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, оңалту орталықтарын ашу бойынша нормативтерді өзгерту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізсін (мерзімі – 2024 жылғы 25 желтоқсан).
2) ҚР Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Нұр-сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, арнайы білім беру ұйымдарының желісін кеңейтсін, оның ішінде барлық балалармен толық қамтуды және толыққанды түзету жұмысын қамтамасыз ету үшін ПМПК мен ППТК – ның жекелеген ғимараттарына ауыстыруды көздесін (мерзімі – 2021-2022 жылдар).
VI. Ментальді және мінез-құлықтық бұзылулары бар балалармен жұмыс жөніндегі білікті мамандарды тарту және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балаларға қызметтер көрсету жөніндегі орталықтарды материалдық-техникалық жете жарақтандыру жөніндегі шаралар
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР Денсаулық сақтау, білім және ғылым министрліктерімен бірлесіп, Ұлттық ресурс орталығының қызметі шеңберінде (мерзімі – 2021 жыл):
1) тар мамандарға деген қажеттілікке егжей-тегжейлі талдау жүргізу (АВА терапист, Бейімделген дене шынықтыру жаттықтырушысы, сенсорлық-интегративті терапия маманы және т. б);
2) қолданыстағы шетелдік жеделдетілген оқыту бағдарламаларын бейімдеу;
3) халықаралық (отандық) мамандарды шақыра отырып және ментальді және мінез-құлықтық бұзылыстары бар балаларға қызмет көрсететін оңалту орталықтарының, МӘМ, ПМПК, ППТК, ҮЕҰ қызметкерлері үшін одан әрі супервизиямен оқытуды жүргізу;
4) медициналық-әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыратын ұйымдар үшін жабдықтардың тізбесін айқындау.
VI. Мүмкіндігі шектеулі балалармен
жұмыс істейтін мамандардың жалақысын арттыру жөніндегі шаралар
1) ҚР Білім және ғылым министрлігіне арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының мамандары мен білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруді қамтамасыз ету ұсынылды (мерзімі – 2021-2022 жылдар);
2) ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагог-ассистенттерге (жоғары психоэмоционалдық жүктеме және мінез-құлық ерекшеліктері бар балалармен жұмыстың қиындығы үшін) және денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істейтін арнайы педагогтерге жалақыны кемінде 2 есе арттыруды қамтамасыз ету ұсынылды (мерзімі – 2021-2022 жыл).
VIII. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған
отбасыларды мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне заңнамаға тұрғын үй саясатын реформалау бойынша өзгерістер енгізу ұсынылды (мерзімі – 2021 жыл).
Жоғарыда көрсетілген тармақтарды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты тоқсан сайынғы негізде келесі есепті кезеңнің 5-күніне дейін 2021 жылғы 5 сәуірге дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдау қажет.
Вице-министр Е. Біржанов