Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 22 қазандағы № 501 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 12 қарашада № 4995 болып тіркелген) Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі — қағидалар тиісті септікте) бекітілді. Тиісінше, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3254 болып тіркелген "Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесінің қызметін ұйымдастыру туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 16 қарашадағы № 923 бұйрығы күшін жояды.
Ереже "Білім туралы"Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді. Көрсетілген тармақта білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады, ал білім беру ұйымын алқалы басқару нысандары білім беру ұйымының кеңесі (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогикалық, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңестер және жұмысты ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын, оларды сайлау тәртібін қоса алғанда, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін басқа да нысандар болуы мүмкін делінген. Осылайша, білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі — Қамқоршылық кеңес) білім беру ұйымын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.
Қамқоршылық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қағидаларды, сондай-ақ білім беру ұйымының Жарғысын басшылыққа алуға тиіс. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі ведомстволармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз функцияларын орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Қағидаларға сәйкес Қамқоршылық кеңес осы білім беру ұйымында білім алушылардың құрылтайшысы мен ата-аналарының бастамасы бойынша жалпы жиналыста құрылуы мүмкін. Қамқоршылық кеңестің құрамына: Қамқоршылық кеңес құрылатын білім беру ұйымының басшысы; өзге де білім беру ұйымдарының, басқару органдарының өкілдері; жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер; қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері; демеушілер кіруі мүмкін. Қамқоршылық кеңестің құрамы үш жыл мерзімге сайланады. Қажеттілігіне қарай жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Қамқоршылық кеңестің басшысы қамқоршылық кеңестің отырысында сайланатын оның төрағасы болып табылады. Төраға қамқоршылық кеңестің атынан арнайы өкілеттіктерсіз әрекет етеді, оны білім беру ұйымының, мемлекеттік органдардың және өзге де тараптардың алдында білдіреді. Төраға қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қағидаларға сәйкес қамтамасыз етеді. Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасарын Қамқоршылық кеңес сайлайды. Хатшыны Қамқоршылық кеңес сайлайды және қамқоршылық кеңестің іс жүргізуіне жауап береді.
Қағидаларға сәйкес Қамқоршылық кеңестің отырыстары оның жұмыс жоспарына сәйкес, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі. Жоспардан тыс отырыстар қажеттілігіне қарай Қамқоршылық кеңес төрағасының шешімі бойынша немесе қамқоршылық кеңес мүшелерінің төрттен бірінің талап етуі бойынша өткізіледі. Қамқоршылық кеңес, егер отырысқа оның мүшелерінің кемінде 2/3-і қатысса, шешім қабылдауға құқылы. Қамқоршылық кеңестің шешімі оған қатысқан мүшелердің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаттары: білім беру ұйымына оның жарғылық функцияларын жүзеге асыруға жәрдемдесу; білім беретін оқу бағдарламаларын табысты іске асыру мақсатында білім беру ұйымының білім алушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау; білім беру ұйымының қаржылық қолдауын қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базасын нығайту; білім беру ұйымының одан әрі дамуына жәрдемдесу болып табылады.
Қағидаларға сәйкес Қамқоршылық кеңес қызметінің негізгі бағыттары: білім беру ұйымдарына әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және дамыту іс-шараларын өткізуге көмек көрсету; тәрбиелеу және оқыту саласында халықаралық ынтымақтастықты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу; халықтың әлеуметтік осал топтарынан білім алушылардың білім алуына, тұрмыстық жағдайларын жақсартуға және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу; білім беру ұйымдары қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар енгізу болып табылады.
Қамқоршылық кеңестің қызметін тоқтату: құрылтайшының бастамасы бойынша; қамқоршылық кеңестің бастамасы бойынша; білім беру ұйымын тарату және қайта ұйымдастыру кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.