Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің «Красный кордон ауылының негізгі орта мектебі» КММ
2022 жылғы Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
1. Жалпы ережелер
1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің «Красный кордон ауылының негізгі орта мектебі» КММ. Заңды мекенжайы: Красный Кордон ауылы, Орталық көшесі 57.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Красный Кордон а. орта мектебінде 4 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2022 жылы "Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Красный кордон ауылының негізгі орта мектебі" КММ 26 Мемлекеттік қызмет көрсетті.
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер -26 қызмет;
көрсетілген мемлекеттік қызметтер қағаз нұсқада көрсетілген-0 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
"Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау";
"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау";
"Шалғайдағы ауылдық пункттерде тұратын балаларға жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну";
2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған sc0047.zerenda.aqmoedu.kz білім бөлімі "мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Білім бөлімі мен ведомстволық бағынысты ұйымдар Нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
Ай сайын халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнаулы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 3 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 3 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
Қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді 2 қызметкер көрсетеді
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2022 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
2023 жылы "Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Красный кордон ауылының негізгі орта мектебі" КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.
Мектеп директоры Н. Е. Соболева
/public/files/2023/2/21/210223_141814_45c77b7e-6066-4a53-bd45-cec688275089.pdf