«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Красный Кордон ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Красный Кордон отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020 жылғы 26 қаңтар – Халықаралық интернетсіз күнге арналған «Мен OFFLINE» республикалық кең ауқымды балалар акциясының (бұдан әрі – Акция) тұжырымдамасы

Дүниежүзілік күн 2000 жылдардың басында құрылған. Халықаралық интернетсіз күнді«DoBe.org» британдық коммерциялық емес онлайн-жобасы құрды. Бүгінде ғаламдық желі өмірдің барлық салаларына және ғаламшардың барлық дерлік өңірлеріне еніп отыр, сонымен қатар, ресми статистика бойынша 2000 жылмен салыстырғанда, желіні пайдаланушылар саны 5 есе, ал интернет-қосылу жылдамдығы 30-ға артты.

Көпшілігіміз әр күнімізді интернет арқылы бейнелер, ауа райы,жаңалықтар көруден не музыка тыңдаудан бастаймыз.

Интернеттің оң жақтарымен қатар, теріс жақтары да болады. Медициналық тұрғыдан алғанда, уақытты үнемі желіде өткізу адамның психологиялық және физикалық жай-күйіне теріс әсер етеді, бұл, ең алдымен, балалардың денсаулығына қатысты. Сол себепті, Интернетсіз күн әрқайсымыз үшін оң септігін тигізетіні сөзсіз.

Халықаралық интернетсіз күн – бұл жаһандық желіні пайдаланушыларды бір күнге интернетті ойдан шығаруға шақыратын өзіндік бүкіләлемдік флешмоб. Аталған күн әлемнің бірде-бір мемлекетінде ресми түрде атап өтілмейді, бұл бізге Англиядан келген дәстүр және оның негізгі мақсаты, атап өтілгендей, адамзатты кем дегенде бір күнге шынайы өмірге қайтару. Бұл флешмоб, ең алдымен, интернетке тәуелділікпен күресуге бағытталған.

Бұл күнді жаһандық желіден бас тарта отырып, жақындармен өткізу, мәселен, интернетке қосулы барлық құралдарды үйде қалдырып, табиғатқа шығу.

Негізгі мақсаты – интернетке тәуелділіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың интернет-белсенділігін бақылауға қатысты интернет-қызметтерді ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін, интернет-пайдалану мәдениетін арттыру.

 

 

 

Жаңартылған күні: 24.01.2020 11:32
Құрылған күні: 24.01.2020 11:32

Текст