Текст
Халықты ақпараттандыру үшін Kazakhstan ТЖД мобильдік қосымшасы іске қосылды. Аталған мобильді қосымша Ақмола облысының тұрғындарына әр түрлі төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жеткізуге мүмкіндік береді. Мобильді қосымшаны пайдаланған кезде оның әрбір пайдаланушысы республикалық, сондай-ақ облыстық және жергілікті маңызы бар автожолдардың жабылуы туралы; оқу орындарында сабақтардың тоқтатылғаны туралы (облыстың жекелеген аудандарында сабақтардың тоқтатылуын жазу мүмкіндігі бар): дауылды ескерту және т. б. туралы ақпаратты жедел ала алады.
Мобильді қосымшаны жүктеу PlayMarket және App Store бағдарламаларын пайдалана отырып тегін жүргізіледі.