08.05.2026
Мектебімізде «Сап және ән» байқауы салтанатты түрде ұйымдастырылып, мектеп өміріндегі жарқын әрі әсерлі шаралардың біріне айналды. Байқау барлық қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.
Іс-шараға әртүрлі сынып оқушылары қатысып, саптық дайындықтарын, тәртіптерін, ұйымшылдықтары мен командалық рухтарын көрсетті. Қатысушылар әсем марш жасап, командаларды нақты орындап, патриоттық әндерді жоғары деңгейде орындады.
Байқаудың мерекелік сәнін әсерлі пролог, вальс, би қойылымдары мен музыкалық нөмірлер арттыра түсті. Әрбір өнер көрсету өзіндік ерекшелігімен, шығармашылық шеберлігімен және сахналық мәдениетімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Бұл байқау оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, ел тарихына деген құрметті арттыруға, жауапкершілік пен ұжымдық бірлікті нығайтуға зор ықпал етті.
Осындай тамаша іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан барлық қатысушыларға, ұстаздар мен ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!