«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Красный Кордон ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Красный Кордон отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Проект «Жаздық жолдама»

15.03.2024
«Қазақстан халқына» Қорының «Жаздық жолдама» қайырымдылық жобасы Наурыз мерекесіне орайластырылған
 
Наурыз мейрамын тойлаудың жаңартылған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Қазақстанның барлық өңірінде "Жаздық жолдама 2024" – қайырымдылық жобасын бастап отыр. 
"Жаздық жолдама" жобасы жазғы каникул кезінде 5-8 сыныптардың 20 мың оқушысы үшін зияткерлік және шығармашылық дамумен демалысты қамтамасыз етеді. Қордың Қамқоршылық кеңесі бекіткен бюджет 2,1 млрд. теңгені құрайды.
Бұл қайырымдылық жобасы оқуда үздік көрсеткіштерге ие (үлгерімі және пәндік олимпиадаларға, пікірталастарға қатысуы) және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын орта сынып оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған. 
2023 жылы Қазақстанның 17 облысынан 20 мыңға жуық баланы қамти отырып, "Жаздық жолдама" жобасы іске асты. Аталған балалар 26 жазғы лагерьде 2 апталық демалыс өткізді.
«Өткен жылғы жобаның мониторингі «Жаздық жолдама» жобасына жоғары қанағаттанушылықты көрсетті, ата-аналардың сауалнамасы көрсеткендей, 93 пайызы демалысты «жақсы» және «өте жақсы» деп бағалады. Біздің серіктестеріміз ҚР Білім министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар болады, олармен бірлесіп қауіпсіздік жөніндегі жоғары талаптарға сәйкес жазғы лагерлерді мұқият іріктеу, сондай-ақ оқушыларды ашық және әділ іріктеу жүргізіледі. 
Сондықтан біз наурыз айында, жарқын мереке – Наурыз қарсаңында жолдамаларды өзіміз бөлуіміз кездейсоқ емес. «Наурызнаманың» салтанатты іс-шаралары аясында біз әр аудан мен мектеп бойынша демалыс сертификаттарын табыстауды жөн көрдік. 
Біз мұндай іс - шаралар өскелең ұрпақ үшін Наурыз мейрамының тұрақты құндылықтарын нығайтуға, сондай-ақ қайырымдылық идеяларын насихаттауға ықпал етеді деп санаймыз», - деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары Лаззат Шыңғысбаева.
Жазғы демалысқа жолдама сертификаттарын тапсыру бойынша салтанатты іс-шаралар Қазақстанның барлық аудандарында аудан әкімдерінің, ауылдық округ әкімдерінің және білім бөлімдері өкілдерінің, сондай-ақ мектеп басшыларының қатысуымен өтеді.
«Қазақстан халқына» қорының өкілдері ауылдық жерлерден келген балалар мен жасөспірімдерге ғана бағытталған «Жаздық жолдама» жобасы өскелең ұрпақты ынталандыруға және отансүйгіштікті нығайтуға ғана емес, сонымен қатар коммуникация, көпмәдениетті ортадағы қарым-қатынас сияқты өмірлік қажетті дағдыларды нығайтуға, сондай-ақ кәсіптік бағдарлаудың элементіне айналады деп санайды.
Просмотров: 551


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст