2024 жылдың 12 наурызында директор Н.Е. Соболева "Өрлеу" БАҰО "АҚ әдіскерлерінің қатысуымен Красный Кордон ауылының НОМ КММ ұжымымен аттестаттаудың жаңа ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді . Қазақстанның білім министрлігі Президенттің Жарлығына сәйкес педагогтерді аттестаттау процесін жетілдірді. Осы жұмыс аясында әр білім деңгейі мен әр педагогикалық лауазымның ерекшеліктері анықталды. Өзгерістер ұлттық платформаны қолдана отырып, мұғалімдердің қызметін бағалау процесін автоматтандыруды қамтиды. Педагогтің қызметі мен жетістіктерінің дәлелі платформадағы "Жеке кабинетте" автоматты түрде қалыптастырылатын болады. Өтпелі кезеңде - Платформа жұмыс істей бастағанға дейін педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) шарттары мен тәртібі ұсынылған.