Текст
2021 жылғы 15 қарашада" Ұлттық валюта күні "0-9 сыныптарда"Теңге – Қазақстанның өмірі мен үмітінің символы" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сондай – ақ, "Теңге-Қазақстанның өмірі мен үмітінің символы"тақырыбына суреттер конкурсы жарияланды. Сынып сағатының мақсаты: оқушыларды біздің Тәуелсіз еліміздің алғашқы айырым белгісі – теңгемен таныстыру, Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікке баулу, ұлттық рәміздер мен теңгеге деген құрметке баулу. Суреттер байқауының жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.