Тақырыбы: Менің достарым |
Мектебі: | |||
Күні, айы: |
Мұғалімнің аты - жөні: | |||
1-сынып |
Сабаққа қатысқан Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: оқушылар саны: | |||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.1.5.1.Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру. 1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну. 1.5.1.3. Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану. 1.5.1.5. Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап құрастыру. | |||
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: Достары не істейтіні/істемейтіні туралы айта алады. | |||
|
Оқушылардың басым бөлігі: Өздерінің достары немен айналысатыны туралы өткен және осы сабақта үйренген материал негізінде өзара тілдесе алады, етістіктерді болымды, болымсыз түрде қолдана алады. | |||
|
Кейбір оқушылар: Достары не істейтіні туралы сабақта үйренгендерінен тыс қосымша ақпарат бере алады. | |||
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс |
Ресурстар | ||
Сабақтың басы (2-5 минут) |
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру. |
| ||
Сабақтың ортасы (6-40 минут) |
(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1 - тапсырмада берілген сөйлеу үлгісіне аударады. Оқушылар берілген сөйлеу үлгісі арқылы Нұрбектің достары туралы ақпарат алады: олардың аты, олардың не істейтіні туралы. Оқушылар Нұрбектің сөзінен Әсеттің сурет салатынын, Юраның футбол ойнайтынын, ал Арманның велосипед тебетінін біледі. Мұнда мұғалім оқушылардың назарын дос сөзінің көпше түрде (тәуелдік жалғауының I жағында) қолданылуына аударады. «Велосипед тебеді» тіркесінің мағынасын түсіндіреді. Сондай-ақ етістіктердің (I жақта) қолданылуына назар аударады. Салыстырмалы түрде грамматиканы түсіндіреді. Мысалы: Мен сурет саламын. Олсурет салады. (МК, Ұ) 2-тапсырмада мұғалім оқушыларға кесте бойынша етістіктердің I жақта қолданылуын тағы бір рет түсіндіреді. Сондай-ақ оқушылардың назарын велосипед тебеді деген тіркестегі велосипед сөзін коньки, шаңғы, сөздерімен алмастырып қолдануға болатынына да аударады. (МК, Ұ) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларды етістіктердің болымсыз түрімен таныстырады. Оқушылар мына үлгіде айта алуға жаттығады: сурет салады - сурет салмайды, футбол ойнайды - футбол ойнамайды, велосипед тебеді - велосипед теппейді. (Ұ) 3-тапсырма бойынша оқушылар жоғарыда берілген етістіктерді суреттің қасына қойылған белгілер (х,-*0 бойынша болымды, болымсыз түрде (III жақта) толықтырып айтады. Мысалы: Ол коньки тебеді. Ол сурет салмайды т.с.с. (ОТ) Мұғалім тақтаға екі белгіні іледі (*У). Содан кейін тақтаға шыққан оқушыға суреттерді таратады (футбол добы, түрлі түсті қарындаштар, велосипед, коньки, шаңғы, шахмат). Бала осы тірек суреттерді өзінің досы не істейтініне/істемейтініне байланысты екі белгінің астына жапсырып шығуы керек. Содан кейін етістіктерді болымды, болымсыз түрде қолданып, өзінің досы туралы айтады. Мысалы: Менің досым сурет салады, коньки, шахмат ойнайды. Менің досым сурет салмайды, футбол ойнамайды, велосипед, теппейді. Осындай тапсырманы әр оқушы өзі туралы да ақ қағазға жасай алады. (Ұ) 4-тапсырмада оқушылар Нұрбектің достары туралы мәтінді тыңдайды. Осы мәтін негізінде өз достары туралы (олардың не істейтіндерін) әңгімелейді. (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. (Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады. |
Оқулық Аудиодиск: З.5.1.; 3.5.4. Суреттер: футбол добы, түрлі түсті қарындаштар, велосипед, коньки, шаңғы, шахмат. №1 жұмыс дәптері Қосымша тапсырма: 3.5. | ||
Сабақтың соңы 41-45 минут |
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. |
| ||
Қосымша ақпарат | ||||
Қорытындылау |
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз. | |||
1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге? 2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? |
| |||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе не? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді? 1: 2: |