«Камкор» жобасы аясында «Таза Казакстан»: «Таза аула - таза мектеп» енбек акциясы. /

23.09.2026

🌿 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» | «ҚАМҚОР» ЖОБАСЫ

🧹 «Таза аула — таза мектеп» еңбек акциясы

КММ "НОМ а. Красный Кордон" «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы және «Қамқор» жобасы аясында «Таза аула — таза мектеп» еңбек акциясы өткізілді.

Акцияның негізгі мақсаты — оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, туған мектебіне және өзі тұратын ортасына қамқорлықпен қарауға баулу.

🌱 Акция барысында оқушылар мен педагогтер мектеп аумағын тазалауға белсенді қатысты. Мектеп ауласы қоқыстан тазартылып, гүлзарлар мен мектепке іргелес аумақтар ретке келтірілді. Барша қатысушылар мектептің таза әрі көрікті болуына өз үлестерін қосты.

Бірлескен еңбек мектебімізді таза әрі жайлы етіп қана қоймай, ұжым мүшелерін ортақ іске жұмылдырып, жауапкершілік пен ұйымшылдық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

✨ Таза мектеп — әрқайсымыздан басталады!

Табиғатты қорғау, тазалық пен тәртіпті сақтау әр адамның күнделікті жақсы әдетіне айналсын!

«Таза Қазақстан» — бірге таза әрі көрікті болашақ құрамыз! 🌿🇰🇿

Просмотров: 1367


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу