05.06.2026
26 мамыр күні мектебімізде «Күншуақ» мектеп жанындағы жазғы лагерінің салтанатты ашылуы өтті. Жазғы лагерь балалардың демалыс уақытын көңілді, қызықты әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік беретін тамаша ортаға айналды.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық және шығармашылық жұмыстар жүргізілді. Лагерьде «Непоседы», «Здоровое поколение», «Всезнайки», «Попрыгунчики», «Территория дружбы», «Мультяшки» және «Жұлдызды микрофон» үйірмелері жұмыс істеді. Үйірмелерге қатысу арқылы балалар өздерінің шығармашылық, спорттық, музыкалық қабілеттерін дамытып, зияткерлік ойындар мен ұжымдық жұмыстарға белсенді қатысты.
Оқушылар үшін туған өлкеміздің көрікті табиғи орындарына экскурсиялар мен жорықтар ұйымдастырылды. Әр күн жаңа әсерлерге, қызықты іс-шараларға, достармен қарым-қатынасқа және жарқын эмоцияларға толы болды.
Лагерьдің ашылу салтанаты мерекелік көңіл күйде өтті. Балалар ойындар мен байқауларға қатысып, ән айтып, би билеп, өнерлерін көрсетті. Олар жазғы демалыстың алғашқы күндерінен-ақ көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсерге бөленді.