05.06.2026
Депутат Райхан Қасымқызы Ғабдуллинамен кездесу
Мектебімізге «AMANAT» партиясынан аудандық мәслихат депутаты Райхан Қасымқызы Ғабдуллина арнайы келіп, педагогикалық ұжыммен кездесу өткізді. Кездесу барысында ол өзінің депутаттық қызметі, атқарылған жұмыстар және ауданның даму бағыттары туралы баяндады.
Райхан Қасымқызы өткен кезеңде ауыл мамандары мен кәсіпкерлерін қолдауға, елді мекендерді абаттандыруға, жолдарды жөндеуге және жылумен қамтамасыз ету сапасын жақсартуға бағытталған маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтті. Сонымен қатар депутат әлеуметтік жобалар мен құрылыс нысандарының жүзеге асырылуын бақылауға ерекше көңіл бөлетінін жеткізді.
Кездесу барысында педагогтер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білім беру саласы мен ауылдық аумақтарды дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу ашық пікір алмасу мен өзара түсіністікке негізделген жылы әрі сындарлы жағдайда өтті.
Мектеп ұжымы Райхан Қасымқызына сапары, білім беру саласына көрсетіп отырған қолдауы, ашық диалогқа дайындығы және жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдіреді. Алдағы уақытта да өзара тиімді байланыс жалғасып, ауданымыздың игілігі жолында бірлесе жұмыс атқарамыз деп сенеміз.