06.04.2026
1-сыныпқа қабылдау және тіркеу
Балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін ата-аналардан немесе заңды өкілдерден құжаттар ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 маусымы мен 31 тамызы аралығында қабылданады.
Білім беру ұйымдары алты жасқа толған және ағымдағы жылы алты жасқа толатын балаларды 1-сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
(жеке басын сәйкестендіру үшін қажет)
2. 3х4 см өлшеміндегі фотосурет
(баланың фотосуреті)
3. № 065/у нысаны
(профилактикалық екпелер картасы)
4. № 052-2/у нысаны
(баланың денсаулық паспорты)
5. ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда)
(ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы)
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш қабылдау және нәтижесін беру келесі арқылы жүзеге асырылады:
– egov.kz веб-порталы