«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Красный Кордон ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Красный Кордон отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Біз әлеуметтік желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Суды үнемде-болашақты сақта" бірыңғай эко-сағаты

26.01.2026

"Красный Кордон а. НОМ" КММ оқушылары Қазақстан өңірлерінің қатысуымен Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен өткізілетін және "Адал Азамат" республикалық тәрбие жобасының іс-шарасы болып табылатын "суды үнемде – болашақты сақта"бірыңғай эко-сағатына белсенді қатысты.

Іс-шара барысында оқушылар су ресурстарын ұтымды пайдаланудың өзекті мәселелерімен танысты, адам өміріндегі және қоршаған ортадағы судың маңыздылығын талқылады, сондай-ақ күнделікті өмірде суды үнемдеудің қарапайым, бірақ тиімді тәсілдері туралы білді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға және қоршаған ортаны сақтау жауапкершілігіне ерекше назар аударылды.

Эко-сағатты өткізу білім алушылардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, олардың азаматтық ұстанымын дамытуға және елдің табиғи байлығына саналы көзқарасты тәрбиелеуге ықпал етті.

Просмотров: 41


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст