Текст
Оқушыларды рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу, ұлтаралық келісім мен бірлікті насихаттау, халықтық салт-дәстүрлерге құрметпен қарауды қалыптастыру, ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және нығайту мақсатында каникул уақытында қашықтық форматта "Наурыз мейрамына"арналған жоспарға сәйкес түрлі іс-шаралар өткізіледі. Балалар әлеуметтік желілерде Наурыз мерекесімен бейнеқұттықтаулар көрсетті, шығармашылық жұмыстар ұсынды, ұлттық киімдердегі фотосуреттерімен бөлісті, сондай - ақ "ұлттық тағамдар"онлайн-көрмесі-конкурсына қатысты.