Мектепке дейінгі және мектеп мұғалімдерінің қатысуымен әдістемелік кеңес

2025 жылғы 28 қарашада жылдық жоспарға сәйкес, "Красный Кордон ауылының НОМ" КММ жанындағы шағын орталықта әдістемелік кеңес өткізілді, оған мектепке дейінгі және мектеп педагогтары қатысты.
Әдістемелік кеңестің тақырыбы:"Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инновациялар"
Әдістемелік кеңесте заманауи технологиялар, жаңа әдістер мен креативті тәсілдер Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуды қызықты, бай және тиімді етуге қалай көмектесетіні талқыланды.
Қарастырылды:
- педагогтар жұмысындағы инновациялық тәжірибелер;
- цифрлық құралдарды пайдалану тәжірибесімен бөлісті;
- балаларда шығармашылық ойлауды дамыту жолдарын талқылады;
- заманауи білім беру технологияларын енгізудің жаңа жолдарын белгіледі.
#мектепке дейінгі білім беру