Бекітемін
мектеп директоры
_______ Соболева Н.Е.
«Ертегіде қонақта» театр үйірмесінің
күнтізбелік-тақырыптық перспективалық жоспары
2023-2024 оқу жылы
(мектепалды даярлық сынып)
Тәрбиеші: Ергазиева А.О.
2023-2024 жыл
Міндеттері:
Білімділік
Дамытушылық
Ересектердің көмегінсіз мәнерлеп әңгімелеу және байланыстырып сөйлеуін
жетілдіру.
Тәрбиелік
Ересектер мен балаларға қайырымды болу, өз замандастарының табысына қуану, қиын сәтте қол ұшын беріп, өзінің және өзгенің, сонымен қатар қуыршақ және драмалақ қойылымдардыңкейіпкерлерініңт іс әрекеттерін дұрыс бағалау.
Мектепалды даярлық сыныбының сабақ құралымы
(сабақ аптасына 1рет өткізіледі)
Кіріспе
арналған жаттығу (тез сөз айту, сөйлеу ойындары, саусақ ойындары)
Нәтижелі
рөлдерді бөлу, этютерді жаттықтыру, сахналық қозғалыс, мимиканы дамытуға арналған ойындар, декорациялар, костюмдер дайындау)
Қыркүйек
1-2 апта |
|
Тақырыбы, сабақтың құрылымы |
Сабақтың мақсаты |
«Сиқырлы театр әлеміне» саяхат
әдебиетінен жаттығулар жасау арқылы дамыту
қою, майшамның өшіп қалуы, майшам қайта жанды
|
Театр туралы түсінік беру, саусақ, үстелүсті театрларымен және сахналауға қажетті құрал – жабдықтармен таныстыру, театр мәдениетіне баулу, диалог құра білуге үйрету. Педагогтың үлгісі бойынша кейбір ойын әдістерін үйрету. Интонациялық мәнерлілігін дамыту. Театр терминдері жайлы түсінік беру. Халық ауыз шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру. |
3-4 апта |
|
«Театрда ойнаймыз» сахналау
әдебиетінен жаттығулар жасау арқылы дамыту
ренжіді, жақсы адамды кездестірді.
|
Жұмсақ ойыншықтар театрларымен және оған қажетті құралдармен, оны пайдалану тәртібімен таныстыру, кейіпкерлердің ерекшеліктерін сомдауға, кейіпкерлердің мінездерін сипаттап атауға үйрету. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Сөйлеу тілінің мәнерлілігін қалыптастыру. Театр терминдерін қайталау. Әртістік қабілеттерін дамыту. |
Қазан
1-2 апта |
|
Тақырыбы, сабақтың құрылымы |
Сабақтың мақсаты |
«Үш қыз» ертегісін айту
әдебиетінен жаттығулар жасау арқылы дамыту
|
«Үш қыз»ертегісінің мазмұнын эмоционалды қабылдауға үйрету. Ауызды ашып-жабуға, тіл бұлшықеттерін бос ұстауға үйрену.Берілген қалыпта тіл мен ерінді ұстай білу. Есте сақтауларын дамыту.Тілдің дыбыстық мәдениетін жетілдіру, интонациялық құрылымын, диалогтық сөйлеу тілін жетілдіру. Әртістік қабілеттерін дамыту. Өзіне деген сенімділікті тәрбиелеу. Бибабо таетрына қызығушылығын арттыру. |
3-4 апта |
«Түлкі мен тырна» ертегісі
«Жапырақты үрлеу»
әдебиетінен жаттығулар жасау арқылы дамыту
|
«Түлкі мен тырна» ертегісі жайында, өз әсерлерін жеткізе білу, ертегінің мазмұны бойынша ойларын еркін айту. Түрлі мәтіндерді дыбыстағанда дұрыс тыныс алу дағдыларын қалыптастыру; сахналау барысында кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез – құлқын келтіру, қуанышты эмоционалды күйге түсу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.Әртістік қабілеттерін тәрбиелеу. |
Қараша
1-2 апта |
|
Тақырыбы, сабақтың құрылымы |
Сабақтың мақсаты |
«Кім күшті» ертегісін оқу
әдебиетінен жаттығулар жасау арқылы дамыту
|
«Кім күшті» ертегісіндегі кейіпкерлердің ерекшеліктерін ажырата білуге, көркем сөйлеуге үйрету, балалардың дауыс интонациясын қадағалау, сахналау барасында кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез – құлқын келтіру, түрлі эмоцияларды білдіру үшін интонациямен дыбыстауды қалыптастыру, ертегіні есте сақтауға, шығармашылыққа тәрбиелеу. |
3-4 апта |
|
әдебиетінен жаттығулар жасау арқылы дамыту
|
Ертегі жайында өз әсерлерін жеткізе білу. Түрлі мәтіндерді дыбыстағанда дұрыс тыныс алу дағдыларын қалыптастыру; сахналау барысында кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез – құлқын келтіру, қуанышты эмоционалды күйге түсу, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Әртістік қабілеттерін арттыру. |
Желтоқсан
1-2 апта |
|
Тақырыбы, сабақтың құрылымы |
Сабақтың мақсаты |
«Ақылды лақ» ертегісі
әдебиетінен жаттығулар жасау арқылы дамыту
|
Театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту: сөздік қорларын байыту, кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу; шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету; балаларды татулыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. |
3-4 апта |
«Күн мен Ай қалай достасты?» ертегісі
«Желкен»
әдебиетінен жаттығулар жасау арқылы дамыту
|
Ертегісінің мазмұнын эмоционалды қабылдауға үйрету. Ауызды ашып- жабуға, тіл бұлшықеттерін бос ұстауға үйрену.Берілген қалыпта тіл мен ерінді ұстай білу. Есте сақтауларын дамыту.Тілдің дыбыстық мәдениетін жетілдіру, интонациялық құрылымын, диалогтық сөйлеу тілін жетілдіру. Әртістік қабілеттерін дамыту. Өзіне деген сенімділікті тәрбиелеу. Театр әлеміне қызығушылығын арттыру. |
Қаңтар
1-2 апта |
|
Тақырыбы, сабақтың құрылымы |
Сабақтың мақсаты |
«Әтеш пен тоты» ертегісі
|
Кейіпкерлердің іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл –күйлерін білдіруге, таныс сюжеттер бойынша ертегіні сахналай білуге үйрету, өз ойын айта білу, басқалардың пікірін тыңдай білу, әртістік қабілетін, сөздік қорларын дамыту, кейіпкерлерді сахналағанда құрдастарын сыйлауға, көрермен ретінде мәдениетті сақтауға тәрбиелеу. |
3-4 апта |
|
«Театр әлемі» театрландырылған ойын
«Пілтұмсық»
|
Театрландырылған әрекеттің алуан түрлі тәсілдерін және жанрларын сахналай білуге үйрету, әдеби кейіпкерлерді адамгершілік ережелері мен түсініктері тұрғысынан бағалау, өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, басқа кейіпкерлерді сезінуге, эмоционалдық көңіл күйін түсіне білуге тәрбиелеу. Әртістік қабілеттерін арттыру. |
Ақпан
1-2 апта |
|
Тақырыбы, сабақтың құрылымы |
Сабақтың мақсаты |
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін оқу
|
Ертегі кейіпкерлерінің бейнесін дауыс ырғағы арқылы мәнерлеп жеткізе білуге үйрету. Ауызды ашып-жабу, ерін бұлшықеттерін дамыту. Тіл мен ерінді бір қалыпта ұстай білу. Сөздік қорларын байыту, шығармашылық қиялын, қабілеттерін дамыту. Достыққа, өзара |
|
ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Театр әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру. |
3-4 апта |
|
Театр шеберханасы
«Пілтұмсық», «Күлімсіреу»»
|
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінің кейіпкерлерінің бейнесін дауыс ырғағы арқылы мәнерлеп жеткізе білуге, хайуанаттардың әнін айтуға үйрету. Ерін бұлшықеттерін ерін қалпын өзгерте отырып, ауыстырып, олардың қозғалғыштығын дамыту. Дауыс мәнерін қалыптастыру. Шығармашылық қабілеттерін арттырып, диалог құра білуге үйрету. Театрға деген жағымды қатынасын тәрбиелеу. |
Наурыз
1-2 апта |
|
Тақырыбы, сабақтың құрылымы |
Сабақтың мақсаты |
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін көрсету
|
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісінің кейіпкерлерінің бейнесін дауыс ырғағы арқылы мәнерлеп жеткізе білуге және хайуанаттардың әнін айтуға үйрету. Тілдің бұлшықеттерін нығайту және олардың қозғалғыштығын дамыту. Ертегі кейіпкерлері арасында диалог құра білуге, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Әртістік қабілеттерін тәрбиелеу. |
3-4 апта |
|
«Әке мен бала» әңгімесі
«Самауыр»
|
Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесімен таныстыру. Әңгіме мазмұны бойынша жүйелі айта білуге үйрету, рөлдерге бөлініп орындау арқылы шығармашылық, диалог құру қабілеттерін арттыру. Үлкендерді сыйлауға, құрметтеуге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Театрға деген жағымды қатынасын тәрбиелеу. |
Сәуір
1-2 апта |
|
Тақырыбы, сабақтың құрылымы |
Сабақтың мақсаты |
«Төлдер айтысы» ертегісі
|
Ертегіні сахналау арқылы балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, таныс сюжет бойынша ертегіні драмалау, театрландырылған әрекеттердің алуан түрлі тәсілдерін меңгерту арқылы үй жануарларына жанашырлықпен, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. |
3-4 апта |
|
«Құмырсқа» ертегісі
«Жуандар – жүдеулер»
|
Театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту: сөздік қорларын байыту, кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу; шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету; балаларды татулыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. |
Мамыр
1-2 апта |
|
Тақырыбы, сабақтың құрылымы |
Сабақтың мақсаты |
«Бір уыс мақта» әңгіме
«Күлімсіреу» («Дуал»)»
|
Ы.Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімесімен таныстыру. Әңгімеге қызығушылықтарын ояту, әңгіме мазмұны бойынша жүйелі айта білуге үйрету, рөлдерге бөлініп орындау арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру. Үлкендерді сыйлауға, тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Театрға деген жағымды қатынасын тәрбиелеу. |
3-4 апта |
|
«Үйшік» ертегісі театрландырылған қойылым
«Жуандар – жүдеулер»
|
«Үйшік» ертегісінің театрландырылған қойылымын, ортаңғы топқа көрсету. Кейіпкерлердің бейнесін дауыс ырғағы арқылы мәнерлеп жеткізе білуге үйрету. Тілдің бұлшықеттерін нығайту және олардың қозғалғыштығын дамыту. Ертегі кейіпкерлері арасында диалог құра білуге, байланыстырып сөйлеуге, әртістік қабілеттерін нығайтуға, ертегінің |
көрсету |
мазмұнын эмоционалды көрсете білуге үйрету. Достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу. |
Театрландырылған іс-әрекет бойынша өткізілетін сабақтарға арналған дидактикалық материал (мектепалды тобы)
|
Артикуляциялық гимнастика |
Дикцияны дамытуға арналған халық ауыз әдебиетінен жаттығулар |
Мәнерлі ым-ишарамен, бет қимылды (мимика) дамытушы сахналық қозғалыс |
1 |
«Сағат» жаттығуы денені жан - жаққа ию. Иілген кезде, «ту-у-у-у-ух» дыбыстап, терең тыныс шығару. |
«Дұрыс па, әлде бұрыс па?» Көңілді жауапқұмар, Білмесең сұрақ туар. Дұрыс па, әлде бұрыс па?-Деген қызық ойын бар. Мініп алып барысқа, Сапар шектік ғарышқа. Отырып ала тайға, Ұшамыз енді айға. Айтшы, қане, балақай, Дұрыс па, әлде бұрыс па? |
«Күзгі бақ» ойын жаттығу -Балалар біз алма ағашының жанына келдік. Үлкен, өте биік алма ағашына қарайықшы (кейіпке еніп балалар жоғары қарайды) -Енді біз алма жегіміз келді, Талдың басындағы алмаға қол созыа, бойымыз жетпеді.Талды сілкілейміз.Алмалар топырлап жерге түседы. (балалар бастарын қолдарымен қорғайды) ..... |
2 |
«Доптар ұшады» жаттығуы кеудесінен алдына қарай лақтыру, Дем шығарған кезде ұзақ «ух-х-х-х» деп, айту. |
Жаңылтпаштар Түйе мағат шұбат берді, Шұбат маған қуат берді. Мақал – мәтел Жылқы – малдың патшасы, Түйе – малдың қасқасы. *** Мал өсірсең, қой өсір, Өнімі оның көл – көсір. |
«Малдың баласын сүюі» Қой сүйеді баласын «қоңырым»-деп, «Ештеңені білмейтін момыным!»-деп Сиыр сүйеді баласын «торпағым»-деп, «Қараңғыда баспаған қорқағым!» -деп. Түйе сүйеді баласын «боташым»-деп, «Жаудырағын көзіңнен тоташым!»-деп Ешкі сүйеді баласын «лағым»-деп, «Тастан-тасқа секірген шұнағым!»-деп Жылқы сүйеді баласын «құлыным»- деп, «Тұлпар болып жүгірер жұлыным!»-деп |
3 |
«Поезд» жаттығуы бір демде айту «Ту-ту-ту-ту», Дем алып, С-с-с, Ш-ш-ш, Ф-ф-ф. |
Мақал – мәтелдер Ана алдында – құрмет, Ата алдында – қызмет. *** Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала. *** Көп біл, аз сөйле. |
«Отбасы мүшелері» Әкем, анам, отбасым, Жақсы көрем сіздерді. Құрметтеп мәңгі өтемін, Мәпелеген сөзіңді. Басбармақ ол – әкем, Балан үйрек – анам. Ортан терек – апам. Шылдыр шүмек – ағам, Кішкентай бөбек – мен. |
4 |
«Жапырақты үрлеу» жаттығуы Жапырақты үрлеу арқылы дем шығару |
Мақал – мәтелдер Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды. *** Жақсы дос үшін жан пида. Жолдасын тастаған жолда қалар. |
«Достар» Достар бірге жүреміз, Бірге ойнаймыз, күлеміз. Бірге балық аулаймыз, Міне, біздер қандаймыз! Әрқашан да тілектес, Досыңа көмектес. |
5 |
«Дуал» жаттығуы Тістерді қабыстырып, кеңінен күлімсіреу. |
«Мақтаншақ» мазақтама Әй, мақтаншақ, мақтаншақ, Оянғаннан жатұанша, |
«Кім күшті» Ерте, ерте, ерте екен, Ешкі жүні бөрте екен. |
|
|
Жатқаннан таң атқанша, Мақтанасың, мақтаншақ. Қояр ма еді құлыптап, Аузыңды бір жапқан шақ. |
Қырғауылы қызыл екен. Құйрық жүні ұзын екен. Қырғауылы қырқылдап, Жатыр мұзға сыртылдап, Алшая келіп қоныпты. Шаты айырылып қалыпты. |
6 |
«Тәтті тосап» жаттығуы Тосап ерінде жатқандай – Тілмен жалап алғандай. |
«Шалағай» мазақтама Жұмыс десе, шалағай, Тамақ десе, қомағай. Жүрміз соған жоламай, Әй, Шалабай, шалағай. |
. «Бұл жақсы» -Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді) -Жақсы! (алақандарын соғады) -Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді) -Жақсы! (алақандарын соғады) -Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды) -Жақсы! (алақандарын соғады) -Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды) -Жақсы! (алақандарын соғады) |
7 |
«Ат» жаттығуы Ауызды кең ашамын, Тіл таңдайға тірелді. Сартыл да міне естіліп, Тіл төменге секірді. |
«Жалқау» мазақтама Әй, жалқауым, жалқауым, Босамасын арқауың. Босаса егер арқауың, Оңай болар тарқауың. Тарқадың ба, оңбайсың, Жақсы бала болмайсың. «Жалқау» деген жақсы ат па, Еңбексүйгіш болғайсың. |
«Жануарлар қалай дыбыстайды?» Бұзау қалай дыбыстайды? –мө –мө –мө, Қозы қалай дыбыстайды? -мә –мә –мә, Күшік қалай дыбыстайды? -әуп –әуп Бота қалай дыбыстайды? -бө –бө –ө Құлын қалай дыбыстайды? -ио-о –ио-о Марғау қалай дыбыстайды? -мияу –мияу |
8 |
«Желкен» жаттығуы Күлімсіреймін, ауыз ашық: «Желкен» онда тұр. Тілді тіреймін, қара, Жоғарғы тістерге ішінен. |
«Еріншек» мазақтама Асқа дайын – еміншек, Іске дайын телімсек. Жарымаған өмірде, Жарым адам – еріншек. |
«Ұшты – ұшты» Ұшты - ұшты сұңқар ұшты (қол көтереді) Ұшты - ұшты қарға ұшты (қол көтереді) Ұшты - ұшты арба ұшты (қол көтермейді) Ұшты - ұшты дауыл ұшты (қол көтермейді) Ұшты - ұшты ұшақ ұшты (қол көтереді) Ұшты - ұшты торғай ұшты (қол көтереді) Ұшты - ұшты жылан ұшты (қол көтермейді) |
9 |
«Тісті тазалаймыз» жаттығуы Жоғарғы тістерді сыртынан Тазалаймын әрқашан. Төменгі де тістерім Тазаулауды сұраған. |
Жұмбақтар Бұрап қойған сағаттай, Айқайлайды таң атпай. (Әтеш) Сөз үйретсең қайталайды, Өзі тауып айта алмайды. (Тоты) Тіріден өлі туады, |
«Әтеш» Алтын айдарлы әтеш, Тым ерте тұрыпты, Ойқастап жүріпті, Жан –жаққа қарапты, Айдарын тарапты. Қо –қо –қо депті, Қорада ойранды салыпты, |
|
|
Өліден тірі туады. (Жұмыртқа) |
Бір тауық қайран болып қалыпты, Секіріп, секіріп, айқайлап, Шарбаққа келіп қоныпты. |
10 |
«Пілтұмсық» жаттығуы Күлімсірейді балақан, Пілтұмсығын созады Сусиыр ұзақ есінеп, Аузын ол кең ашады. |
«Ашқарақ» мазақтама Айтқан тілді алмаған, Бар дегенге бармаған. Бір бала бар тілазар, Тамақ десе, қалмаған. |
«Ыммен көрсет», «Тәтті кәмпит» «Жоғары», «төмен», «үлкен», «кіші», «анау», «мен», «болмайды», «бері кел», «кет», «сәлем»; кәмпитті алып, сыртын ашып, ауыздарына салып, оның дәмін татқандағы әсерін ым-ишарамен, бет әлпетінің өзгерісімен көрсету. |
11 |
«Үй ашылады» жаттығуы Ауыз кең болып ашылады, Тілді тәтті ұйқыға батырады. |
«Дұрыс па, әлде бұрыс па?» Қанттан қалап қамал, Тоқыдық май орамал. Ішіне толтырып астық, Жасадық мамық жастық. Айтшы, қане, балақай, Дұрыс па, әлде бұрыс па? |
«Суретші аяз» Шеберін-ай аяздың, Әйнектерді қағаз қып Әшекейлеп қойыпты, Бірнеше ою ойыпты. Түрлі түсін гүлдердің, Мәнерін де кілемнің, Өркешін де әр таудың, Мүйізін де арқардың, Айнытпай-ақ салыпты. |
12 |
«Пілтұмсық», «Күлімсіреу» жаттығулары Күлімсірейді балақан, Пілтұмсығын созады Сусиыр ұзақ есінеп, Аузын ол кең ашады. |
«Дұрыс па, әлде бұрыс па?» Қатысып ұлу жарысқа, Жетіпті үлкен табысқа. Сиыр басып жұмыртқа, Тараттық оны бар жұртқа. Айтшы, қане, балақай, Дұрыс па, әлде бұрыс па? |
«Төрт қадам» ойын –би Төрт қадам алға, Төрт қадам артқа. Музыка ырғана қосылып қимыл-қозғалыс жасайды. |
13 |
«Қызық құмар тіл» жаттығуы Міне шықты ол сыртқа Қызық құмар тіл екен. «Алға, артқа шабады?» Жұртшылық таң қалады. |
«Дұрыс па, әлде бұрыс па?» Ақ тауыққа мініп ап, Айға жеттім зымырап. Құйынынан тауықтың, Кетті бұлттар ыдырап. Айтшы, қане, балақай, Дұрыс па, әлде бұрыс па? |
«Наурыз көже» Ашық болсын қос қабақ, Таспен атқанды аспен ат. Бейтаныста, таныс та, Бүгін төрде бас қонақ. Ішілетін, жейтіннің, Бұл көжеде бәрі бар. Арпа, бидай, тары бар, Қатық, малта тағы бар. Ошақта шоқ әлі көп, Астың ауыр обалы. Астан үлкен ешкім жоқ, Қазан аузы жоғары. |
14 |
«Самауыр» жаттығуы Бетті үрлеймін, буды шығарамын, Самауыр сияқты қайнаймын, Буды ұстап тұрмаймын. |
«Дұрыс па, әлде бұрыс па?» Кәкпірмен су құйып, Қасықпен нан кестім. Айтшы, қане, балақай, Дұрыс па, әлде бұрыс па?
Мақал – мәтел Аз жұмысты қиынсынсаң – Көп жұмысқа тап боласың. Азға қанағат ете білмесең – Көптен де құр қаласың. |
«Санамақ» Бір дегенім – боз далам, Екі дегенім – ер бабам. Үш дегенім – үй-ордам, Төрт дегенм – тау-орман. Бес – баланың бесігі, Алты – Алаштың есімі. Жеті –Жердің қабаты, Сегіз – саудың санасы. Тоғыз десем – той барам, Он дегенде – ойланам. |
15 |
«Ерінмен тілге шапалақтаймыз» жаттығуы Ал енді тіспен емес |
«Малға қалай шақыру салады?» Биені – құраулап, түйені – көс-көстеп, |
«Айна» ойын жаттығу Екі бала бір –біріне қарама- қарсы тұрады. Алдымен біреуі кез келген іс – қимыл, пішін, көңіл –күйді көрсетеді, |
|
Ернімізді соғамыз: «Бұқаның тілі тілазар, Па-па-па, па-па-па». |
сиырды – ахаулап, ешкіні – шөрелеп, шақыра аламыз, сауамыз, бағамыз. |
ал екінші бала –дәл сол баланың қалпын қайталап көрсетуі керек. Екіншіде рөлдерді ауыстырып ойнауы керек. |
16 |
«Жуандар - жүдеулер» жаттығуы Міне жуан – беті үрленген Мүмкін қолдары белінде. Міне арық – беті жүдеу: Ас бермегені көрінді. |
Мақал – мәтел Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей. *** Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды. |
«Өзгеше құбылысқа енейік» Жел тұрды – с –с –с –с –с Жапырақтар ұшты – ш –ш –ш –ш –ш Ара ұшты –ж –ж –ж –ж –ж Маса шықты –з –з –з –з –з |
17 |
«Күлімсіреу» («Дуал») жаттығуы Сырдария өзені жалпақ, Аузымды кең ашып күлімсіреймін. Бар тістерім көрінеді – Шетінен қызыл иекке дейін. |
Жаңылтпаш Пай – пай –пай, Жайылып жүр тай. Ай- ай –ай, Ұшып кетті торғай. *** Бір қыз кесте тікті, Кестесін түсте тікті, Кеште тікті. |
«Көйлекті маған кім берді?» -Бұл көйлекті маған кім берді? -Кім берсін...Дүкеннен алдым. -Дүкенге қайдан келген? -Қоймадан келген. -Қоймаға қайдан келген? -Тігін фабрикасынан. -Тігін фабрикасына қайдан келген? -Мата тоқитын фабрикадан. -Мата неден тоқылады? -Мақтадан. |
18 |
«Түтікше» жаттығуы Мен ауызды сәл жауып, Ерінді алға тартамын. Пілтұмсықтай алға созып, У-у-у деп ұзақ айтамын. |
Жұмбақтар Өзі айлакер, әрі қу, Жерген жері айқай да шу. (Түлкі) Өзіне болған қорған – орман, Ішінде бар,бір аң қорбаң- қорбаң. (Аю) |
«Біз қандаймыз, қандаймыз!» Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз. Күлімдеген күндейміз, Ренжуді бір білмейміз! Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық достарым, Арайлап атқан ақ таңға! |